Өзбекстанда 48 триллион сумдық құрылыс жұмыстары аяқталды
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Өзбекстанда 48,6 триллион сумдық құрылыс жұмыстары аяқталды.
Соңғы 6 айдағы құрылыс жұмыстарының басым бөлігін үкіметтік емес ұйымдар орындаған болып, олардың үлесі 46,6 триллион сумдық құраған. Жалпы елдегі үлесі 95,9 пайыз.
Мемлекеттік ұйымдар 1,9 триллион сомдық құрылыс жұмыстарын аяқтады. Олардың елдегі үлесі 4,1 пайызды құрайды.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі шеңберінде ірі құрылыс компаниялары 12,1 триллион сомдық құрылыс жұмыстарын орындаған.
Ал, шағын кәсіпорындар мен шағын фирмалар атқарған құрылыс жұмыстарының көлемі 27,5 трлн-ға жеткен.