French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 400-ден астам еріктіге коронавирусқа қарсы вакцина салынды
12:22 / 2020-12-25

Өзбекстандағы коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары аясында бүгінге дейін 400-ден астам ерікті вакцина қабылдаған.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Нурмат Атабековтың Өзбекстанда басталған коронавирустық вакциналардың клиникалық сынақтары туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап беріп, қазірге дейін Өзбекстан аумағында 400-ден астам ерікті осы вакцинаны қабылдағаны және осынау клиникалық сынақ процесіне ерікті ретінде қатысқысы келген жандар Инновациялық даму министрлігі ашқан арнайы сайтқа жүгінуі мүмкін, деген.

Еске салар болсақ Өзбекстанда 18 жастан асқан 5 мың еріктіге Қытайдың Anhui Zhifei Loncom биофармацевтикалық компаниясы шығарған ZF2001 рекомбинантты вакцинасының ІІІ фазалық клиникалық сынақтары жүргізілуде. Клиникалық сынақтар 14 айға жалғасады.  

Атаулы вакцинаның бірінші және екінші клиникалық сынақтары Қытайда жүргізіліп, ол өте сәтті өтті деп бағаланған.