Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 40-49 жас аралығындағылар тұрақты халықтың басым бөлігін құрайды
12:47 / 2022-06-24

Өзбекстандағы халықтың жас мөлшері бойынша үлесі белгілі болды. Онда 40-49 жас аралығындағы азаматтар тұрақты халықтың басым бөлігін құраған.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай болйынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35,2 миллион адамға жеткен.

Ресми дерекке сай, ел халқының 40-49 жас аралығындағы азаматтар саны ең көп болса, 85 және одан жоғары жастағылар халықтың ең аз бөлігі құрайды.

2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақты халықты жас мөлшері бойынша олардың саны:

  • 0-4 жас – 11,1 пайыз;
  • 5-9 жас – 9,7 пайыз;
  • 10-14 жас – 8,9 пайыз;
  • 15-19 жас – 7,4 пайыз;
  • 20-24 жас – 7,5 пайыз;
  • 25-29 жас – 9,0 пайыз;
  • 30-34 жас – 8,9 пайыз;
  • 35-39 жас – 7,8 пайыз;
  • 40-49 жас – 11,8 пайыз;
  • 50-59 жас – 9,1 пайыз;
  • 60-69 жас – 6,0 пайыз;
  • 70-74 жас – 1,4 пайыз;
  • 75-79 жас – 0,7 пайыз;
  • 80-84 жас – 0,5 пайыз;
  • 85 және одан жоғары – 0,2 пайыз.