French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 35 университет ақылы негіздегі оқу құнын дербес анықтайтын болды
19:14 / 2021-12-28

Өзбекстанда 35 жоғарыоқу орны ақылы негіздегі оқу құнын мемлекеттің араласуынсыз дербес анықтайтын болды.

«Мемлекеттік жоғары оқу орындарының академиялық және ұйымдық-басқарушылық дербестігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.

Осыған орай Өзбекстандағы 35 жоғары оқу орны ақылы негіздегі білім беру құнын мемлекеттің араласуынсыз дербес анықтайтын болды:

Қаржылық тәуелсіздік алған мемлекеттік университеттер 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынадай дербес шешім қабылдай алады:

  • оқу ақысын, төлем мерзімін белгілеу және ұзарту;
  • келісім-шарт негізінде жергілікті және шетелдік профессорлар мен мамандарды тарту;
  • ЖОО өз қаражаты есебінен студенттерге шәкіртақылар мен гранттар бөлу;
  • шетелдік оқу және ғылыми әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын тікелей сатып алу;
  • бос тұрған ғимараттар мен құрылыстарда ақылы қызмет көрсету тәртібін белгілеу;
  • көліктердің жыл сайынғы жүру шегін және оларға техникалық қызмет көрсету талаптарын белгілеу.

Сондай-ақ, қаулыда мемлекеттік университеттердің ішкі аудит және қаржылық бақылау қызметтеріне жұмсалған шығыстарына онлайн мониторинг жүргізу қарастырылған.