Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 2100 азамат карантиндік бақылауда болып, коронавирус жұқтырғандар 11 адамға жеткен
18:34 / 2020-03-17

Бүгінге дейін Өзбекстанда 7900-ден астам азамат карантинде бақылауда болған


Бұл жөнінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нурмат Отабеков мәлімдеген.

Оның айтуынша бүгінге дейін Өзбекстанда 7900-ден астам азамат карантинде болып, олардан 5700 асығы карнтиндік бақылау талаптарын өтеп үйлеріне қайтқан. Қазіргі уақытта 2100 адам бақылауда. Олар Ташкент облысындағы санаторилер мен Ташкент қаласындағы ауруханада карантинге жатқызылған.

Бақылау аймағанда азаматтар үшін барлық жағдай жасалған болып, мұнда қосымша карантиндік бақылаудан сырт олардың денсаулығына қатысты басқада ауруларын емдеуге мүмкіндік жасалған.

Қазіргі уақытта Өзбекстандағы коронавирус жұқтырған жандар саны 11-ге жетті. Соңғы науқас 17 наурыз күні Дубайдан Ташкентке келген өзбекстандық азамат екені анықталды. Ел ішіндегі осы індетпен ауырған науқастар мемлекеттік бюджет есебінен тегін емделетін болады.