Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 2025 жылдың алғашқы күнінде 1641 сәби өмірге келді
12:34 / 2025-01-02

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы тәулігінде 1641 нәресте дүниеге келді.

2018 жылдың дәл осы күнінде 1961, 2019 жылы 1708, 2020 жылы 1974, 2021 жылы 1644, 2022 жылы 2316, 2023 жылы 2155, ал 2024 жылы 1859 нәресте туған.

2025 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген сәбилердің 845-і қыз, 796-сы ұл.

Жарық дүние есігін ашқан сәбилердің ең көбі Ферғана облысында (244 нәресте) дүниеге келген.

Қалған облыстарда жағдай мынадай:

  • Самарқанд облысы — 186,
  • Қашқадария облысы — 181,
  • Сұрхандария облысы — 172,
  • Ташкент облысы — 150,
  • Ташкент қаласы — 139,
  • Әндіжан облысы — 90,
  • Жызақ облысы — 87,
  • Бұхара облысы — 86,
  • Хорезм облысы — 83,
  • Қарақалпақстан Республикасы — 71,
  • Наманган облысы — 65,
  • Сырдария облысы — 45,
  • Науаи облысы — 42 нәресте өмірге келген.

Дүниеге келген сәбилер арасында 23 егіз туғандар.