Өзбекстанда 2024 жылы 2,9 миллион тонна ет өндірілді
Өзбекстанда ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салалары қарқынды дамып, 2024 жылы жалпы өнім көлемі 467 триллион сумды құрады.
Статистика агенттігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға жоғары, бұл саладағы өсімнің айқын дәлелі.
Биыл барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша өндірілген негізгі өнімдер:
Ет (тірідей салмақта) – 2,9 миллион тонна, сүт – 12,4 миллион тонна, жұмыртқа – 8,8 миллиард дана, көкөністер – 12 миллион тонна
Өзбекстанның Қашқадария, Самарқанд, Бұхара және Ташкент облыстары ет өндіру көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.