Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 2022-2023 жылғы жаңа оқу жылы басталды
13:51 / 2022-09-05

Бүгін, 5 қыркүйекте Халыққа білім беру министрлігіне қарасты 10 085 мектепте 2022-2023 оқу жылына арналған сабақ басталды.

Министрліктің мәліметінше, биылғы оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына 702 мың бала қабылданған. Оларға 12 түрлі оқу құралдары, мектеп сөмкесі, оқулықтар жинағынан тұратын Президен сыйлығы берілді.

Мектептерде оқитын 6 469 737 оқушының қатысуымен ұйымдастырылған «Алғашқы қоңырау» шараларына жергілікті әкімдер мен қалың жұртшылық өкілдері, аудан белсенділері, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде 2022-2023 оқу жылының алғашқы «Тәуелсіздік тағылымы» сабағы басталып, онда оқушыларға тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер, ұлттық тарихтың жарқын көріністері туралы айтылды.