Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 2021 жыл «Жаңа жыл» мерекесін отбасылық ортада тойлау мақұлданды
11:30 / 2020-12-14

Өзбекстан Республикасында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссияның қаулысы жарияланды.

Бүкіл әлемде және көрші елдерде карантиндік шектеулердің мерзімі ұзаруы мен жаңа 2021 жылдың жақындағанын ескере отырып, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында Республикалық арнайы комиссияның шешімі қабылданды. Ондағы қаулыға сай:

- министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік кәсіпорындар мен басқа ұйымдар да әртүрлі корпоративтік мерекелер ұйымдастыруға тыйым салынады;

- министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік кәсіпорындар мен басқа ұйымдар да корпоративті мерекелерден үнемдеген қаржыны білім беру, денсаулық сақтау, балалар үйіне және басқа да әлеуметтік салаларға бағыттау ұсынылды;

- жоғарыда аталған шектеулер мейрамхана, кафе және басқа тамақтану орындарында 30 адамнан аспайтын және санитарлық тазалық пен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып мерекелік іс-шараларды өткізуге рұқсат етілген;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында тәрбиеленушілердің, оқушы және студенттердің қатысуымен жабық ғимаратта түрлі мерекелік іс-шаралар мен кештер ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;

- Азаматтарға 2021 жылы жаңа жыл  мерекесін отбасымен бірге өткізуге кеңес берілді;

- Жаңа жылға орай балалар үшін «Президент шыршасы» мерекелік шаралары қарттар үйі мен балалар үйіндегі тәрбиеленушілер үшін ғана өткізуі белгіленді;