Өзбекстанда 2020 жыл қажылық сапар маусымы кешіктірілетін болды
Қажылық маусымына дейін Сауд Арабиясында коронавирустық пандемиямен байланысты жағдай тұрақтанбаса, биылғы кезек толығымен сақталып, келесі жылға ауыстырылатын болады
Дін істер бойынша комитет Өзбекстанда 2020 жылғы қажылық сапарлар тоқтатылатыны жайлы хабарланды.
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің хабарлауынша, комитетке Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және Умра министрлігі тарапынан қажылықтың 2020 жылғы маусымына дайындықты кейінге қалдыру туралы ресми өтініш келіп түскен. Осы жағдайға байланысты Дін істері бойынша комитет басшылығы ресми мәлімдеме таратып, онда 2020 жыл Өзбекстанда қажылық сапарлары тоқтатылғаны хабарланды.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және Умра министрлігі тарапынан келіп түскен ресми хаттамада коронавирустық әлемдік пандемияның көңілсіз жағдайлары жаһандық алаңдаушылық туғызатын мәселе екендігі айтылып, әсіресе Сауд Арабиясы Корольдігі үкіметті әлемнің түрлі елдерінен келетін Умра қажыларының елге кіруіне жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдауға және Корольдікте Үкіметі мен денсаулық сақтау органдарының ұсыныстарына сәйкес, коронавирустық инфекцияның ел ішінде таралуын болдырмау үшін жоғары сақтық шаралары қабылданып, екі қасиетті ғибадатханада денсаулық пен қауіпсіздік, профилактикалық жұмыстар күшейтілгеніне байланысты 2020 жылғы қажылық сапар маусымын тоқтата тұруы баяндалып, осы жағдайға орай жаңалық пен өзгерістер болып жатса Дін істері бойынша комитетке хабар жіберуі айтылған.
Осыған орай, биылғы қажылыққа баруды жоспарлаған және кезегі келіп жеткен отандастарымызға айтпағымыз, егер Қажылық маусымына дейін Сауд Арабиясында коронавирустық пандемиямен байланысты жағдай тұрақтанбаса, биылғы кезек толығымен сақталып, келесі жылға ауыстырылатындығын хабарлаймыз, делінген.