Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 2020/2021 оқу жылына қабылдау квоталары белгілі болды
14:03 / 2020-06-13

Министрлік ЖОО бакалавр және магистратура бағыттары бойынша төлем контракт мөлшерін өздері белгілеуге рұқсат еткен


«2020/2021 оқу жылында Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсудің мемлекеттік тапсырысының параметрлері туралы» Президенттің Жарлығы қабылданған болып, онда Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің реттеуіне сай қабылдау квоталары белгілі мына түрде белгіленген:

Бакалавр
  • күндізгі оқу түріне - 103 575
  • сырттай оқыту түріне - 31 350
  • кешкі оқыту түріне - 5 025
Магистратураға - 10 425

Министрліктің хабарына сай талапкерлердің құжаттары 20 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады. Сонымен қатар елдегі кейбір өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне көшкен ЖОО-ға ақылы негізде оқыту төлемдерін өздері белгілеу құқығы берілген болып, олар бір апта ішінде бакалавр және магистратура бағыттары бойынша мамандықтардың жылдық төлем мөлшері жөнінде ақпаратты БАҚ беттерінде жариялайтын болады.