Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қорының бастамасымен 21 ғимарат модернизм дәуірінің нысаны мәртебесін алып, ұлттық мәдени мұра нысандарының тізіміне енгізілді.
2024 жыл 22 сәуірде Министрлер Кабинетінің «Материалдық мәдени мұра объектілерінің ұлттық тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі қабылданды.


Құжат Өзбекстан халқының ұлттық байлығы болып саналатын модернизм дәуіріндегі материалдық мәдени мұраны қорғау, сақтау және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, ескерткіштерді жүйелеу, тізбесін жасау, олардың тарихилығын сақтау және құндылығын арттыруға бағытталған.
Бірінші кезеңде тізімге Мемлекеттік өнер мұражайы, «Өзбекстан» және «Шодлик» қонақ үйлері, «Космонавттар» метро станциясы, Авиация жасаушылар сарайы сияқты 11 жаңа нысан қосылып, 10 нысанның мәртебесі өзгертілді. Күн институты, Ташкент мемлекеттік циркі, Ташкент телемұнарасы, «Халықтар достығы» сарайы, Әлішер Науаи атындағы өнер сарайы, «Түркістан» концерттік залы және оның жазғы аймағы сияқты бірқатар басқа да орындар тізімге енді.


Қор сонымен қатар жоғарыда аталған модернистік ғимараттарды ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін номинация дайындап жатыр.
Сонымен қатар, осы шешiм негiзiнде Мәдени мұра агенттiгi Экономика және Қаржы министрлiгi жанындағы Кадастр агенттiгiмен, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесiмен, облыстар мен Ташкент қалалық әкімдіктерімен бiрлесiп, модернистік объектілерді белгіленген тәртіппен мемлекеттік кадастрға енгізу жоспарын әзірлейді.
