Өзбекстанда 18-40 жас аралығындағылар профилактикалық тексерістен өтеді
«Өзбекстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың «Жастар және кәсіпкерлікті қолдау жылында» мемлекеттік бағдарламасының 13-ші мақсаты — халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын арттыру шеңберінде:
Халық арасында созылмалы ауруларды ерте анықтау және олардың аурушаңдығын күрт төмендету жоспарлануда.
Осы мақсатта:
18-40 жас аралығындағы 12,6 миллион адам профилактикалық тексеруден өтеді, оның қорытындысы бойынша азаматтар сауықтырылады;
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қауіпті топқа жататын тұрғындар жоспар бойынша флюрографиялық тексеруден өтеді.