Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 167 қоқыс полигоны жабылады
10:01 / 2021-06-29

Өзбекстанда аумағы 1109 гектар болатын 167 қоқыс полигоны жабылады және қайта қалпына келтіріліп, 773 гектар болатын 59 жаңа полигон құрылады.

Мемлекеттік экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 2019-2028 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарға байланысты стратегия аясында 96 қоқысты қайта өңдеу жылжымалы стансаларын құру және бұл станцияларды 230 дана арнайы техника және 520 контейнермен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Полигондарды оңтайландыруға және жаңа полигондар салуға 928 миллион доллар, қайта тиеу станцияларын салуға 144 миллион доллар, ал арнайы жабдықтар мен контейнерлер сатып алуға 406 миллион доллар қажет», - делінген хабарламада.

Хабарда айтылуынша бұл жұмыстарды жүзеге асыруға кететін қаражат, халықаралық қаржы институттарының несиелері есебінен жүзеге асырылады, ал несиелік ақша «Экологиялық төлемдер» есебінен өтелмек.