Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 15 тамыздан бастап карантин талаптары жеңілдетілетін болды
19:37 / 2020-08-12

15 тамыздан бастап жергілікті әуе және теміржол қатынасы мен автокөліктерге күн мерзімінде жүруге рұқсат берілетін болды


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев бүгін елдегі өндіріс саласын дамыту мәселелері бойынша видеоселекторлы жиын өткізіп, онда коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды кезең-кезеңімен жұмсату туралы айтты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Карантин талаптары күшейтілгеннен бастап республикадағы медициналық көмек қызметінің жұмысы тағыда арттырылғандығының арқасында коронавирустан сауығу көрсеткіші 59 пайыздан 77 пайызға жеткені айтылды. Дәл қазіргі кезде індет жұқтырғандар саны 32 мыңнан асқан болса да, 25 мың азамат сауығып шыққан. 7 мың науқас ем қабылдауда.

-Әрбір азаматтың денсаулығы мен өмірі үшін күресті тағыда күшейте отырып, экономикалық және әлеуметтік салалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру жағдайын жеңілдету үшін карантинге қойылатын талаптарды ақырындап жеңілдету қажет. Халықтың өзі де осының сұрауда, - деді Шавкат Мирзияев.

Осыны жағдайларды ескере отырып, 15 тамыздан бастап жергілікті әуе және теміржол қатынасы мен автокөліктерге күн мерзімінде жүруге рұқсат беру керектігі айтылып, демалыс орны, қонақ үй, мұражай, балалар лагерлері, саяжай үйлері, сұлулық салондары, шаштараздар, қоғамдық тамақтану орындарыда өз жұмысын қайта жалғастырады. Белгіленген талаптарды сақтай отырып, үйде 30 адамға арналған отбасылық рәсімдерді өткізуге рұқсат етіледі.

17 тамыздан бастап аймақтар арасындағы автокөлік қатынауы, қоғамдық көліктер (метродан басқа) және қала маңындағы автобустардың жұмысын қайта қалпына келтіру жоспарланған. тамыздан бастап тауарлар мен құрылыс өнімдері сатылатын базарлар, ірі сауда дүкендері, спорт залдар, фитнес-клубтар мен бассейндер ашылады.

Республикалық арнайы комиссияға әрбір қызмет түріне орай қандай санитарлық талаптарды сақтау керектігін нақты анықтау тапсырылып, эпидемиологиялық ахуал жақсы елдерден келен азаматтарды карантинге жібеу мен одан шығу талаптарын жеңілдету және пневмониядан айыққан адамдарға арналған оңалту орталықтарын құру бойынша міндет жүктетілді.