Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға ерікті түрде COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын егуге рұқсат берілді
18:11 / 2021-09-28

Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға ерікті түрде COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын егуге рұқсат берілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаның 12-15 жастағы балаларда өткен клиникалық зерттеулердің нәтижелері бұл вакцинаның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткені айтылған.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын егуді ұсынды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама комиссиясының шешімі бойынша ата-аналар мен қамқоршылардың келісімімен 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын ерікті түрде егу мүмкіндігі бар» делінген ДСМ хабарында.