Өзбекстанда 12-ші азамат коронавирустан көз жұмды
Науқас Халықаралық транзиттік бағыттарда жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 5 мамырда инфекциялы аурулар емханасына жатқызылған Сырдариялық науқас коронавирустан қайтыс болып, жалпы өлім расталған жағдайы 12-ге жетті.
Халықаралық транзиттік бағыттарда жүк көлігінің жүргізушісі болған «И» есімді азамат, Ресейден Сурхандарияға Тәжікстан арқылы кірген. Келіп шығу тегі Сырдариялық ер адамда ауыр пневмония диагнозы қойылып, 5 мамырда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Диагностикалық сынақтардан кейін науқасқа Covid-19 инфекциялы диагнозы қойылған.
Ал 11 мамырда науқастың жағдайы нашарлап Covid-19 инфекциясының ауыр кешуінің және жедел бронхопневмония диагнозымен реанимация бөліміне ауыстырылған. Алайда, науқастақ жансақтау бөлімінде белгілеген стандарттарға сай көмек көрсетілгенмен жасанды тыныс алу аппаратына ұланған науқас жүрек қан-тамыры және жедел тыныс жетіспеушілігінен қайтыс болған.
17 мамыр республикада 8 вирус жұқтырған азамат тіркеліп, жалпы 2746 кісіге жеткен. Сонымен қатар бүгін 32 кісі сауығып олар қатары 2245-ті құраса, 12 кісі індеттен көз жұмған.