Өзбекстанда 12 мультфильмді эркандауға 4,4 миллиардтан астам қаржы бөлінген
«Өзбеккино» Ұлттық агенттігінің мәліметінше атаулы қаржының 3,4 миллиард сумы мемлекеттік мультимедиалы студияға берілген
2019 жыл Өзбекстанда 12 мультфильмнің экрандалуы үшін бюджеттен 4 миллиард 458 миллион сум көлемінде қаржы бөлінген.
«Өзбеккино» Ұлттық агенттігінің мәліметінше 2019 жылда бюджеттен бөлінген бұл қаржының 76,24 пайызы яғни 3,4 миллиард сум 9 мультипликационды фильмнің экрандалуы үшін мемлекеттік мультимедиалы студияға берілген. Қалған 1 млрд 58 млн қаржы 3 анимациялық туындыны таспалауға жеке студияға шотына аударылған.
Ал биылдан бастап «Өзбеккино» Ұлттық агенттігі анимациялық туындыларды экрандауға арналған мемлекеттік қаржаны тек тендер арқылы беру жүйесіне көшкенін айтады. Онда 3 анимациялық туынды үшін тендерден жеңіске жеткен екі жеке студия мен 1 мемлекеттік шығармашыл топ тапсырыспен жұмыс бастаған.