Өзбекстанда 1000 адамға орта есеппен 87 автокөліктен тура келеді
Өзбекстанда 1000 адамға орта есеппен 87 автокөліктен тура келуде.
Мемлекеттік статистика комитетінің дерегінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ел аумағында жеке тұлғалардың меншігіндегі автокөліктердің жалпы саны 3 051 734-ті құрайды.
Жеке тұлғалардың меншігіндегі жеңіл автокөліктер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 284 608-ге өскен. Осыған сәйкес қазірде Өзбекстанда 1000 адамға орта есеппен 87 автокөліктен тура келуде.