French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 10-шы азамат коронавирустан қаза тапты
16:47 / 2020-05-03

Қазіргі уақытта Өзбекстанда вирус жұқтырғандар саны 2136 кісіге жетіп, оның 1301-і аурудан сауықты


Наманган облысында бүгін тағы бір науқас коронавирустан қайтыс болып, жалпы өлім жағдайы тіркелгендер саны 10-ға жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша науқас 20 сәуірінде Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының Наманган облыстық филиялындағы жансақтау бөліміне жүрек-тамыр және тыныс жетіспеушілігі диагнозымен жатқызылған болып, науқас ілеспелі ауруына байланысты екі аптаға жуық жасанды тыныс алу аппаратында ем қабылдаған. Жедел диагностикалық тексерістен кейін науқаста COVID-19 індетін жұқтырғаны анықталған.

Бұған дейін науқас 29 жыл төсек тартып жатумен қатар, бірінші топтағы мүгедектігі болған және ол церебралды сал ауруы, ауыр қайталама анемия, жүрек-тамыр және тыныс жеткіліксіздігі сияқты бірқатар диагноздармен емделген. Ал науқас емханаға түскен соң емдеу кезінде оның күнделікті жағдайын елдегі осы салада мамандандырылған медициналық мекемелердің жетекші мамандары мен шетелдік дәрігерлер, оның ішінде қытайлықтар бірнеше рет бақылап отыруына қарамай науқас жедел тыныс алу және жүрек-тамыр жетіспеушілігінен қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда вирус жұқтырғандар саны 2136 кісіге жетіп, оның 1301-і аурудан сауықты. Ал 10 азамат індеттен көз жұмды.