Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 10-нан астам букмекерлік сайт бұғатталды
12:37 / 2021-09-30

Өзбекстанда 10-нан астам букмекерлік қызмет көрсеттетін веб-сайт бұғатталды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанда букмекерлік қызметке тыйым салынған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 191-бабы бойынша (құмар ойындар мен тәуекелге негізделген басқа ойындар), сондай -ақ Қылмыстық кодекстің 278-бабына сай (тәуекелге байланысты құмар ойындары мен басқа да ойындарды ұйымдастыру мен өткізу) бұл қызмет түрі әлі де заңсыз болып табылады.

Бұл ретте Жарнама туралы заңның 6-бабында, жарнамада өндіруге немесе сатуға заңмен тыйым салынған өнім туралы ақпаратты, оның ішінде тотализатор мен букмекерлік кеңселер туралы ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Ведомствоның мәліметінше, өткен кезең аясында Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігімен бірге 10-нан астам заңсыз веб-сайтттарға кіру шектелген.