Өзбекстан зәйтүн майы туралы халықаралық келісімге қосылды
2015 жылдың 9 қазанында Женевада қабылданған Зәйтүн майы мен зәйтүн жемісі туралы халықаралық келісімге Өзбекстанда қосылды.
2021 жыл 2 тамыздағы «Зәйтүн майы мен зәйтүн жемісі туралы халықаралық келісімге Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы» ӨР Заңы қабылданды.
Келісімнің негізгі мақсаттары:
стандарттау және зерттеу саласы бойынша:
- саудаға кез келген кедергілерді болдырмау үшін зәйтүн майы мен жеуге жарамды жемістердің физико-химиялық және органолептикалық қасиеттері туралы ұлттық және халықаралық заңнаманы үйлестіруге жәрдемдесу;
- халықаралық стандарттарды күшейту мақсатында зәйтүн өнімдерінің құрамы мен сапалық сипаттамалары туралы білімді кеңейту үшін физико-химиялық және органолептикалық талдауды енгізу;
- алаяқтық пен жаңылыстыратын әрекеттер мен жалған өнім жасаудың алдын алу;
зәйтүн өсіру, зәйтүн майын өндіру технологиясы мен техникалық ынтымақтастық саласы бойынша:
- мемлекеттік немесе жеке органдар мен/немесе ұйымдар арасында ұлттық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейту арқылы зәйтүн өнеркәсібінде техникалық ынтымақтастық пен зерттеулер, әзірлемелерді ынталандыру;
- зәйтүн ағашының генетикалық көздерін анықтау, сақтау және пайдалануға байланысты жұмыстарды іске асыру;
- зәйтүн өсіру мен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттеу, атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау және осы сектордың кешенді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету және үздіксіз өндірісті жолға қоюға көмектесу мақсатында үйрену мен т.б.
Атаулы құжат Ұлттық заңнамалық деректер базасында жарияланды және 3.08.2021 жылғы датамен күшіне енді.