Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Әзірбайжан бірлескен кәсіпорны іске қосылды
14:42 / 2023-07-19

Әзірбайжанның Барда ауданында Өзбекстан-Әзірбайжан бірлескен кәсіпорны іске қосылды.

Әзербайжан мемлекетімен жібек шаруашылығы саласындағы алғашқы ынтымақтастық 2019 жылы өткен Түркі мемлекеттері достастығы саммитінде екі ел басшылары қол қойған меморандум негізінде басталды.

Бұл меморандум Әзірбайжанда жібек өнеркәсібін дамытуды көздесе, бүгінде өзбекстандық мамандар көрсеткен практикалық көмектің нәтижесінде бұл сала жаңа деңгейге көтерілді.

Қазіргі уақытта «Узбекипаксаноат» бірлестігінің төрағасы О.Жумаев бастаған Өзбекстан делегациясы Әзірбайжанда сапармен жүр. Осыған орай «Узбекипаксаноат» бірлестігінің қолдауымен Әзірбайжанның Барда ауданында «Az Silk» өзбек-әзербайжан бірлескен кәсіпорны, оның ішінде піллә өңдеу кәсіпорны құрылып, тоқыма станоктарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы көктемгі піллә маусымында бірлескен кәсіпорын, Әзірбайжанның 7 ауданында 102 тонна піллә өндірді.

80 азамат жұмысқа орналасса, 15 өзбекстандық маман Барда ауданында агротехника және өңдеу саласындағы әзербайжандық әріптестерінің біліктілігін ұдайы жетілдіріп келеді.

80 нафар фуқаро иш билан банд қилинди, шунингдек, 15 нафар ўзбекистонлик мутахассислар доимий равишда Барда туманида озарбайжонлик ҳамкасбларининг агротехника ва қайта ишлаш бўйича малакасини ошириб келмоқда.