Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Әзірбайжан мен Арменияны дипломатиялық келіссөздер жүргізуге шақырды
19:29 / 2020-07-15

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады


Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады.

«Өзбекстан Республикасы Әзірбайжан-Армения шекарасындағы адам өлім жағдайына алып келген оқиғаға қатты алаңдаушылық білдіреді.

Осынау амақтағы жағдайдың одан әрі ушығуы бейбіт тұрғындар арасында адамдардың қаза болуы, ТМД-дағы маңызды экономикалық байланыстар мен коммуникациялардың бұзылуына, аймақтық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін.

Өзбекстан тараптардың сабыр танытып байыппен жұмыс жасауын, жағдайды тұрақтандыру және мұндай процесті шешу үшін саяси және дипломатиялық келіссөздер жолын таңдауға шақырды.

Осы жағдайға орай, қаза болғандардың отбасылары мен туысқандарына көңіл айтамыз», -делінген хабарламада.