Өзбекстан жыл басынан бері 1,1 млрд долларлық азық-түлік импорттады
2022 жылдың басынан Өзбекстан 1,12 миллиард долларға азық-түлік өнімдерін импорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама өскені байқалады.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2021 жылдың сәйкес кезеңінде 756 миллион долларға азық-түлік импортталған болса, биылғы жылы 370 миллион долларға өскен.
Азық-түліктің ең көп мөлшері Қазақстаннан әкелінген – 430 миллион доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 150 миллион долларға жоғары.
Ресейден 280 млн доллардан астам, Бразилиядан шамамен 130 млн долларлық азық-түлік әкелінген.
Ең көп импортталған азық-түлік қатарында:
- бидай – 281,4 млн АҚШ доллары;
- қант қамысы – 119,6 млн;
- маргарин өнімдері – 113,3 млн;