Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан және Қырғызстан басшыларының бейресми кездесуі өтті
12:52 / 2025-01-26

25 қаңтар күні Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров сапармен елімізде болды.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев Ташкент облысындағы «Амирсой» курорт кешенінде Қырғызстан Президентімен бейресми кездесу өткізді.

Көшбасшылар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты.

Қырғызстан Президенті тау-шаңғы кешенінде жасалған жағдайларды және оның әлемнің жоғары стандарттарына сәйкес заманауи инфрақұрылымын жоғары бағалады.

Өзбекстан мен Қырғызстан өз елдеріміздің ерекше геоландшафты мен әр түрлі табиғатын ескере отырып, курорттық-рекреация орталықтарын ұйымдастыруға бағытталған бірлескен жобаларды алға жылжытуға келісті.