Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан және Қазақстан Президенттері кездесу өткізді
21:40 / 2025-04-03

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 3 сәуір күні Самарқанд қаласындағы саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізді.

Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды, екі ел басшыларының жуырда Алматы қаласында өткен бейресми кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, одан әрі дамыту және нығайту мәселелері қаралды.

Екі ел үкіметтеріне өзара тауар айналымын арттыру, экономикалық жобалар мен гуманитарлық бағдарламаларды, соның ішінде өңірлік деңгейде ілгерілету үшін үйлестірілген шаралар қабылдау қажет екені айтылды. 

Сондай-ақ, Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу үдерісін жеделдету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Көшбасшылар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылап, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін қарады.