French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
15:03 / 2025-09-07

Азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелген 300 тоннаға жуық жүк Өзбекстан халқы атынан Балх уәлаятына жеткізілді.

Сұрхандария облысы әкімдігінің хабарлауынша, Президент Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес Ауғанстанның күшті жер сілкінісінен зардап шеккен Кунар және Нангархар уәлаяттары тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жіберілді. 

Хабарламада айтылуынша, құрамында азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелген 300 тоннаға жуық жүк Өзбекстан халқы атынан Балх уәлаятына жеткізілген.

Осыған орай, Хайратон қаласындағы «Астрас» компаниясы аумағында гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті. Іс-шарада Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматилла Эргашев, Сұрхандария облысының әкімі Улықбек Қосымов, Балх уәлаяты губернаторының орынбасары Нурулзади Абуидрис және екі тараптың ресми өкілдері қатысты.

Жіберілген көмектің құрамында ұн, күріш, қант, шұжық, макарон және кондитерлік өнімдер, май, тез дайындалатын тағамдар, қызыл бұршақ пен маш, бөтелкеленген ауыз су, 5 мың көрпе-жабдық, сондай-ақ 10 тоннадан астам дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар.

Еске салар болсақ, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанның шығысында болған күшті жер сілкінісі 800-ден астам адамның өмірін қиды. Қираған ғимараттар тазаланған сайын құрбандар саны көбейіп, олардың саны 3 мыңға жуықтағаны белгілі болды.