Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан жеңіл көліктер шығарудан ТМД-да көш бастады
16:29 / 2022-08-10

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан ТМД елдері арасында жеңіл көліктер шығарудан көш бастады.

«Промрейтинг» талдау агенттігінің мәліметі бойынша, «UzAuto Motors» (Өзбекстан) компаниясы осы жылдың қаңтар-маусым айларында 160 мың автокөлік шығарған, одан кейін «АвтоВАЗ» (Ресей) - 80 мың және «Hyundai Motor Manufacturing Rus» (Ресей) – 40 мың темір тұлпар шығарған. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдерінде жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктер өндірісі бойынша алғашқы екі орынды Ресей (1,4 млн жеңіл автомобиль) мен Өзбекстан (236 мың) иеленсе, одан кейінгі орындарда Қазақстан (93 мың жүк және автобустарды қосқанда), Беларусь (35 мыңға жуық) және Әзірбайжан (2 мың) елдері бар.