Өзбекстан жеке деректерді қорғау бойынша Корея Республикасының тәжірибесін үйренуде
Өзбекстан Әділет министрінің орынбасары Худоёр Мелиев бастаған делегация Сеулге сапары барысында Корея Республикасының Жеке деректерді қорғау жөніндегі комиссиясының бас директоры Ко Юн Ёнмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында екі елдегі жеке деректерді өңдеу және қорғау жүйесі, осы саладағы жетістіктер туралы пікір алмасылды.
Оңтүстік Кореяның жеке деректерді қорғау жөніндегі комиссиясының өкілдері ұйымның қызметі, негізгі міндеттері мен функциялары, оның ішінде жеке деректерді қорғау заңнамасы туралы презентация жасады.
«Комиссия дербес деректерді өңдеу, дауларды шешу, жеке деректерді қорғау саласындағы құзыретті мемлекеттік орган болып саналатыны атап өтілді», делінген хабарламада.
Кездесу соңында тараптар практикалық ынтымақтастық қарым-қатынастарын орнату туралы меморандум жобасын әзірлеуге және оған қол қоюға келісті.