English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан жастары дүниежүзілік қауымдастығының делегациясы Оңтүстік Кореяға барды
16:43 / 2022-11-21

Өзбекстан жастары дүниежүзілік қауымдастығының делегациясы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Сеул, Теджон, Кванджу, Чонан қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда түрлі салада қызмет етіп жүрген өзбекстандықтармен кездесу өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Туының қабылданғанына 31 жыл толуы, ӨР Конституциясының қабылданғанының 30 жылдығына байланысты түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар өткізу, Президент басшылығымен жүргізіліп жатқан Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы аясында кешенді реформалар, республикада жастарға жасалып жатқан кең мүмкіндіктер жайлы толық мағлұмат беру, жас отандастармен қарым-қатынасты нығайту және пікір алмасу, олардың мәселелерін зерттеп, шешімін табу көзделген.

Сапар бағдарламасында Өзбекстан жастары Дүниежүзілік қауымдастығының Корея Республикасындағы жаңа өкілін сайлау және оның аймақтық үйлестірушілерін тағайындау қарастырылған.