Өзбекстан жастар құрамасы жартылай финалға жол алды
Жарыста үш жеңімпаз құрама жазда өтетін Токио-2020 олимпиадасына жолдама алатын болады
Тайландта өтіп жатқан футболдан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы(U-23) Азия чемпионатының жартылай финалшылары анықталды.
Онда, Австралия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы және соңғы кезекте Өзбекстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктері үстінен 5:1 есебінде жеңіске жетіп, жартылай финалдық кездесулеріне жол тартты. Келесі кездесу 22 қаңтарға белгіленген болып, Австралия – Оңтүстік Кореяға қарсы ойнаса, Өзбекстан – Сауд Арабиясына қарсы алаңға шықпақ.
Тарихта төртінші реткі ұйымдастырылып жатқан құрлықтық жарыстың бұл реткі ерекшелігі үш жеңімпаз құрама жазда өтетін Токио-2020 олимпиадасына жолдама алатын болады.
Құрлықтың кейінгі жеңімпаздары Өзбекстан жастар құрамасы бұл жарыста төрт кездесу өткізіп онда бір тең ойын, бір жеңіліс және екі ойында жеңіске жетті. Ал Сауд Арабиясы үш ойында жеңіске жетіп, бір ойын тең түсті. Осыған дейін екі құрама жастары екі рет кездескен. Бір кездесуде күштер тең түскен болса, бір ойында арабиялық футболшылар жеңіске жеткен.