Өзбекстан жаһандық деректер барометрі рейтингінде 58-ші орынға тұрақтады
2021 жылға арналған жаһандық деректер барометрі (The Global Data Barometer - GDB) жарияланды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, рейтингке 100-ден астам ел қатысқан және онда Өзбекстан 32 ұпайлық көрсеткішпен 58 орынға тұрақтаған.
Жаһандық деректер барометрінің негізгі модульдерінде:
«Ашық деректер бастамасын» қамтитын мүмкіндіктер модулінде Өзбекстан 80 ұпаймен 8-ші орынға ие болды;
Елдегі ашық деректер саясатын қамтитын «Менеджмент» модулі бойынша Өзбекстан 52 ұпай жинап, 19-орынға жайғасқан.
Жаһандық деректер барометрінің рейтингінде:
- 1 орын – АҚШ (68 ұпай);
- 2 орын – Франция (66 ұпай);
- 3 орын – Ұлыбритания (65 ұпай).
Жаһандық деректер барометрі (GDB) – деректерді басқару, деректер мүмкіндіктері, деректер қолжетімділігі және деректерді қоғамдық игілікке пайдалану үшін жаңа жаһандық эталонды құруға ұмтылатын көп тарапты өршіл бастама.