Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан және Қырғызстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
17:48 / 2020-05-04

Сұхбат барысында Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелер талқыланды


4 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары ел арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтері коронавирустық пандемиямен күресте тығыз ынтымақтастықта екендіктерін қанағаттанушылықпен айтып, екі елдің осы қауіпті аурудың таралуына байланысты ең алдымен сауда-экономикалық қатынастарға теріс салдарын азайту бойынша қабылданған шараларды қолдады.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс саммитінде қабылданған шешімдерге сәйкес Денсаулық сақтау және көлік министрліктерінің басшылары ұйымдастырған көпжақты кеңестердің нәтижелері жоғары бағаланып, сонымен қатар сұхбат аясында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелер талқыланды.

Әнгімелесу соңында екіжақты сауданың жоғары қарқынын ұстап тұру, экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар мен инфрақұрылымды, оның ішінде аймақтық маңызы бар жобаларды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс істеуге уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен бірге бірқатар халықаралық мәселелер жөнінде де сөз қозғалды.