Өзбекстан және Түркия парламент спикерлері телефон арқылы сөйлесті
збекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты Төрағасы Танзила Норбаева Түркия Республикасы «Ұлы Ұлттық Мәжіліс» Төрағасы Мұстафа Шентоппен телефон арқылы сөйлесті
4 тамыз күні Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты Төрағасы Танзила Норбаева Түркия Республикасы «Ұлы Ұлттық Мәжіліс» Төрағасы Мұстафа Шентоппен телефон арқылы сөйлесті.
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлауынша, екі ел парламент басшылары бүкіл мұсылман әлеміндегі қуанышты, қайырымдылық және ізгілік мейрамы Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтау лебіздерін білдірді.
Түркия Республикасы «Ұлы Ұлттық Мәжілісі» Төрағасы Мұстафа Шентоп коронавирустық пандемиясынан тезірек айығуды тілеп, Түркия бұл тұрғыда Өзбекстанға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Тараптар жоғары деңгейдегі тұрақты диалог пен екі ел президенттерінің басшылығымен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде барлық бағыттардағы парламентаралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп жатқандығын айтып, парламенттер арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум өзара байланыстың құқықтық базасыны, сонымен қатар практикалық шараларды жасауды қажет ететіні атап өтілді.
Өзбекстан Президентінің 2020 жылғы ақпандағы Түркияға сапары барысында тарихта тұңғыш рет ең жоғары форматтағығ яғни екі ел Мемлекет басшыларының төрағалығында жоғары деңгейдегі Өзбекстан-Түркия стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруда парламенттер де өз өкілеттіктері шегінде лайықты үлес қосуы керек екендігі айтылды.
Сондай-ақ, достық топтары тарапынан құрылған парламентаралық ынтымақтастық аясында пікір алмасулары және «Олий Мажлис» жанындағы Заң шығару мәселелері және парламенттік зерттеулер институты мен Түркия «Ұлы Ұлттық мәжілісі» ғылыми-зерттеу орталығы арасындағы байланысты одан әрі дамыту қажеттілігі туралы пікір алмасты.