Өзбекстан және Ресей Федерациясы Президенті телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу басында мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан мереке – Ұлы жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады
7 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Әңгімелесу басында мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан мереке – Ұлы жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, елдеріміздің ержүрек ардагерлеріне, достас халықтарға мықты денсаулық пен бақыт тіледі.
Соғыста желкеме-желке тұра соғысып, майданда жан аямай еңбек еткен ата-бабаларымыздың ерлігі мен қаһарманығы ұрпақтар жадында мәңгі сақталмақ екені жайында сөз болды.
Сұхбат аясында Өзбекстан және Ресей Президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты ынтымақтастық әсіресе, сауда-экономикалық салада тұрақты дамып келе жатқандығы зор қанағатпен атап өтілді.
Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға қарамастан, елдер арасындағы екіжақты сауда көлемі өсуде. Өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында, сондай-ақ инфрақұрылымды модернизациялауда маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда және екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастық артып келеді, мәдени және гуманитарлық алмасулар, ғылым мен білім, денсаулық сақтау және спорт саласындағы ынтымақтастық кеңеюде.
Сонымен қатар, Президенттер болашақ жоғары деңгейдегі іс-шараларға мұқият дайындалудың маңыздылығын сөз етіп, әлемдік дағдарыстың экономикалық ынтымақтастық қарқынына әсер етпеуі үшін күш-жігерді одан әрі шоғырландыру және сақтық шараларын қабылдау маңызды екендігін мақұлдап, Үкімет басшылары деңгейінде Бірлескен комиссия мен Үкіметаралық комиссия аясында жұмыс жалғасатынында шет қалдырмады.
Әңгіме барысында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдай талқыланды. Дағдарысқа қарсы екі елде де қабылданған шаралар, оның ішінде халыққа атаулы көмек көрсету және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, бизнесті жан-жақты қолдау, экономиканың негізгі салаларын қолдау, шектеулерді біртіндеп жеңілдету қолдау тауып екі елдің үкіметтері пандемиямен тиімді күресу үшін күш-жігерді үйлестіріп, тығыз ынтымақтастықты жалғастыруы керек екендігі айтылды.
Мемлекет басшылары халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.