Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан және БҰҰ көлемді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтпек
15:01 / 2019-04-26

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бейжің қаласында өзі үшін арналған резиденциясында 26 сәуір күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Баш хатшысы Антониу Гутерриш пен кездесу өткізді.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бейжің қаласында өзі үшін арналған резиденциясында 26 сәуір күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Баш хатшысы Антониу Гутерриш пен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Бас хатшыны шын жүректен құттықтап, оның Самарқанд пен Нью-Йорк қалаларында өткен мазмұнды сұхбаттарын жақсы еске алатынын, бұл байланыстар Өзбекстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының институттары мен ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.

Шавкат Мирзияев Самарқандтағы Орталық Азия бойынша және Ауғаныстанға байланысты арналған халықаралық конференцияларды, Самарқандтағы өткен Адам құқығы жайындағы Азия форумы және басқа да іс-шараларға жеке қолдау көрсеткені үшін Антониу Гутерреске алғысын білдірді. 

747df89e_502d_d3f4_f07a_93a48159b9e2-_1_.jpg

Мемлекет басшысы БҰҰ-ны реформалау, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, дәйекті дамуы үшін Бас хатшының бастамалары мен күш-жігерлерін толығымен қолдайтынын атап өтті. 

Ол бұл реформалар Өзбекстанда Іс-қимыл стратегиясы аясында жүргізіліп жатқан реформаларды жалғастыруға қызмет ететініне үміт артты. 

БҰҰ Бас хатшысы Шавкат Мирзияевпен кездесіп тұранына қуанышты екенін білдіре отырып, Өзбекстанның бастамалары халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, сондай-ақ рухани, білім беру, экология және туризм салаларын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Антониу Гутерриш Өзбекстан мен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екендігін тағы да апат өтті.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Кездесудің толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.