Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан және Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
22:11 / 2020-05-02

Мемлекет басшылары Сардоба су қоймасындағы апаттық жағдайды және екі елдің шекаралас аудандарына оның жеткізген салдарын жою үшін тығыз ынтымақтастық орнатуды жан-жақты талқылады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Сұхбат басында Мемлекет басшылары Сардоба су қоймасындағы орын алған апаттық жағдайды және екі елдің шекаралас аудандарына оның жеткізген салдарын жою үшін тығыз ынтымақтастық орнатуды жан-жақты талқылап, үкіметтерге жұмысты үйлестіруді және туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

Сондай-ақ қос елде орын алған коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру және оның екіжақты сауда-экономикалық қатынастарға теріс әсерін азайту бойынша қабылданған тиімді шараларды қолдады.

Осы сұқбат аясында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын нығайтуға және жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылып, екі елдің Премьер-министрлері басқаруындағы үкіметаралық бірлескен комиссияның белсенді жұмысын жалғастыру маңызды екендігі айтылды.

Экономиканың басым секторларында соның ішінде Қостанайдағы бірлескен кәсіпорында автомобиль өндірісін кеңейту, ауылшаруашылық өнімдерін өсіру және қайта өңдеу мен үшінші елдерге экспорттау, заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жаңа бағдарламалар мен жобаларды жұзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Президенттер сондай-ақ халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес өткізілген денсаулық сақтау және көлік министрлерінің онлайн-кездесулерінің нәтижелерін сөз етті.