Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан «Заманауи Жібек жолы» бағдарламасына қосылды
11:52 / 2021-06-28

Өзбекстан 2018 жылы Астанада өткен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің кездесуінде қабылданған «Заманауи Жібек жолы» жобасына қосылды.

Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков Түркітілдес Мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Бағдат Әмреевпен кездесті.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы пікір алмасып, басым бағыттар бойынша қатынастарды одан әрі нығайту жоспарын талқылады. 

Түркітілдес Мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің қызметін одан әрі күшейту мақсатында практикалық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Өзбекстан жағы «Түркі әлемінің келешегі - 2040» және «Түркістан кеңесінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы» сияқты бірқатар тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге және үйлестіруде белсенді қатысатын болды.

Осы кездесуде Қоқан қаласында өткен Түркі кеңесі туризм министрлерінің кездесуі жайлы әңгіме айтылып, ол шара ойдағыдай өткені сөз болды. Кездесу нәтижелерінің бірі - Өзбекстан «Заманауи Жібек Жолы» бағдарламасына қосылды. 

Жобаның басты мақсаты - Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіндегі барлық елдерін қамтитын бірлескен туристік қызметтерді дамыту және нығайту платформасын құру болып табылады.

Бұдан бөлек, кездесуде Түркітілдес мемлекеттермен инвестициялық, сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланып, осыған байланысты, міндеттеріне Түркі Кеңесіне мүше елдердегі жобаларды қаржыландыру кіретін Бірлескен Инвестициялық-Интеграциялық Қор құру бойынша бірлескен жұмыс мүмкіндігі қарастырылды.