Өзбекстан Қытайдағы ШЫҰ-2020 Халықаралық сауда және инвестициялар жәрмеңкесіне қатысады
Атаулы шараға әлемнің 28 елі, оның ішінде 18 ШЫҰ мүшесі, бақылаушы және серіктес елдердің дипломатиялық миссиялары қатысады деп жоспраланған
«Dunyo.info» агенттігінің хабарына сай, Өзбекстан 16-18 қазанда Қытайдың Циндао қаласында (Шандун провинциясы) өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Халықаралық сауда және инвестициялар жәрмеңкесіне қатысады.
Атаулы шараға әлемнің 28 елі, оның ішінде 18 ШЫҰ мүшесі, бақылаушы және серіктес елдердің дипломатиялық миссиялары қатысады деп жоспраланған. Көрмеге 600-ден астам компания өз өнімдері мен қызметтерін ұсынады және олардың 300-ге жуығы іс-шараға оффлайн, 350-і онлайн түрде қатысатын болған.
Жәрмеңке қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет және туризм, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласындағы тауарлар мен қызметтерге арналған, соныңа аясында Қытай мен ШЫҰ арасындағы Циндао ынтымақтастық орталығы да іске қосылады.