Өзбекстан ядролық қауіпсіздік бойынша халықаралық шарттарға қосылады
Өзбекстан Президенті «Өнеркәсіп, радиация және ядролық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.
Өзбекстан келесі халықаралық шарттарға қосылуды жоспарлап отыр:
- Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы (Вена, 1963 жыл 21 мамыр);
- Ядролық немесе радиациялық апат жағдайында көмек көрсету туралы конвенция (Вена, 1986 жыл 26 қыркүйек);
- Ядролық апат туралы шұғыл хабарлау туралы конвенция (Вена, 1986 жыл 26 қыркүйек);
- Ядролық қауіпсіздік туралы конвенция (Вена, 1994 жыл 17 маусым).
Сонымен қатар, 2025 жылы келесі заңдарды әзірлеу жоспарлануда:
- «Химиялық қауіпсіздік туралы»;
- «Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы»;
- «Радиоактивті қалдықтарды басқару туралы».