Өзбекстан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ТМД елдерінде 7-ші орынға шықты
2022 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші бір тұрғынға шаққандағы жалпы тұрғын алаңының орташа есеппен 18,2 шаршы метрін құрады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 шаршы метрге артқан.
2022 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша ТМД елдеріндегі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі (әрбір тұрғынға шаққандағы жалпы тұрғын алаңының орташа шаршы метрі):
- Молдова - 34,3 шаршы метр;
- Армения – 33,9 шаршы метр;
- Беларусь Р. – 28,9 шаршы метр;
- Ресей - 27,8 шаршы метр;
- Қазақстан – 23,2 шаршы метр;
- Әзірбайжан - 20 шаршы метр;
- Өзбекстан – 18,2 шаршы метр;
- Қырғызстан - 13 шаршы метр;
- Тәжікстан – 10,9 шаршы метр.
Комитет дерегінше, сандар елдердің ресми статистикасынан алынған.