Өзбекстан халқының жартысы артық салмақтан зардап шегеді
Өзбекстан халқының жартысы артық салмақтан зардап шегеді және 20 пайызы семіздікке шалдыққан деп есептелінеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің зерттеуі бойынша, халықтың үштен екісі (67 пайызы) күнделікті көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде (400 грамнан аз) тұтынбайды;
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Өзбекстанның 18-64 жас аралығындағы тұрғындары арасында зерттеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша:
- халықтың жартысы артық салмақтан зардап шегеді, 20 пайызы семіздіктен;
- 46 пайызында қандағы холестерин жоғары;
- тұрғындардың орташа тұзды тұтынуы тәулігіне 14,9 граммды құрайды.
Комитет баяндамасында айтылғандай, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану маңызды.