Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жетті
2025 жылдың 28 тамызы ресми дерекке сәйкес, Өзбекстан халқының тұрақты саны алғаш рет 38 миллион адамнан асты.
Бұл тарихи межені Ұлттық статистика комитеті жария етті. Статистикалық мәліметке назар аудасақ:
- ерлер саны – 19 миллион 136 мың 800,
- әйелдер саны – 18 миллион 863 мың 200.
Осылайша, елдегі ерлердің үлесі әйелдерге қарағанда шамамен 273 мың 600 адамға көп екені белгілі болды.
Бұл көрсеткіш Өзбекстан халқының тұрақты өсіп келе жатқанын, демографиялық әлеуетінің жоғары екенін айқын көрсетеді.