Өзбекстан халқының саны 36 миллионнан асты
2022 жылдың 9 желтоқсанындағы жағдай бойынша Өзбекстандағы тұрақты тұрғындар саны 36 миллионнан асты.
Мемлекеттік статистика комитетінің алдын ала мәліметі бойынша, 2022 жылдың 9 желтоқсанындағы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасында тұрақты тұрғындардың саны 36 миллионнан асты.
Олардың 18,1 миллионы ерлер, ал 17,9 мыңы әйелдер.
Айта кетейік, Өзбекстан халқының 35 миллионнан 36 миллионға дейін өсуіне 1 жылдан сәл астам уақыт қажет болды. 2021 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан халқының саны 35 миллионға жеткен болатын.