French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан халқының қанша пайызы еңбекке қабілетті екені белгілі болды
10:41 / 2021-10-12

Мемлекеттік статистика комитеті Өзбекстандағы еңбекке қабілетті халық тобы мен еңбек ету жасынан асқан азаматтар санын жариялады.

Оған сәйкес 2021 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының еңбекке қабілетті жас тобы 57,8 пайызды құраған.

Сонымен қатар, еңбекке қабілетті жастан кішілер 31,1 пайыз болса, еңбек жасынан жоғары халықтың үлесі 11,1 пайызды құрайды.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша республиканың тұрақты халқы 35 миллион 79,2 мың адамды құраған.