Өзбекстан Венеция заманауи өнер биенналесіне қатысады
Өзбекстан тұңғыш рет Венециядағы заманауи өнер биенналесіне қатысады.
Мәдениет және өнерді дамыту қорының хабарлауынша, Өзбекстан тұңғыш рет Венециядағы заманауи өнер биенналесіне қатысады және ондағы павильонда ғалым әрі ойшыл Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезмидің еңбегі көрсетіледі.
Венециядағы 59-шы Халықаралық заманауи өнер биенналесі аясында Мәдениет және өнерді дамыту қоры «Space Caviar» сәулет зерттеу студиясы және кураторы Шеида Гомаши жасаған «Dixit Algorizmi – білім бағы» жобасын ұсынбақ.
Павильон алаңына әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал суретшілер, кураторлар мен заманауи өнер теоретиктері, сондай-ақ Өзбекстанның жас суретшілері мен кураторлары жиналады. Бағдарлама аясында сұхбат, баяндама, сондай-ақ дәстүрлі өзбек поэзиясының мүшәйрасы өтеді.