Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Украинадан азаматтарды арнайы рейсте тегін эвакуациялауда
09:47 / 2022-03-01

Өзбекстан Үкіметі Украинадан азаматтарды арнайы рейстерде тегін эвакуациялауда.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, кейбір әлеуметтік желілерде Украинадан эвакуацияланған Өзбекстан азаматтарын елге әкелу үшін ұйымдастырылған арнайы рейстерге билеттер сатылып жатқаны туралы жалған ақпарат тарауда.

Азаматтардың мұндай ақпараттарға сенбеуін, арнайы рейстер Өзбекстан Республикасы Үкіметі тарапынан тегін ұйымдастырылатынын хабарлаймыз, делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар министрлік хабарында: Польшаның Катовице қаласынан «Uzbekistan Airways» АҚ авиакомпаниясының арнайы рейстерімен Өзбекстанға әкелініп жатқан азаматтардан әуе билеттері үшін ешқандай алым алынбайтыны айтылған.

Еске сала кетсек, Украинадағы Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау және оларды арнайы рейстермен елге қайтару жұмыстарын Сыртқы істер министрлігі үйлестіруде.