Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Уханьнан өз азаматтарын эвакуатциялады
13:26 / 2020-02-05

14 күн мерзімде бақылауда болып, бұл аралықта азаматтар туысқандарымен жолығуына тыйым салынған


4 ақпан күні арнайы чартер рейсте Бейжіңнен 250 жолаушы азамат пен 13 экипаж мүшесі болған ұшақ Ташкентке келген болатын.

Бүгін Қытайдағы коронавирустың қайнар көзі болған Ухань қаласынан тікелей чартер рейс арқылы 84 азамат мінген ұшақ Ташкентке келіп қонды. Әуежайдан оларды қатаң тексерістен өткізіп, ел аумағына коронавирустың тарауы мен кіріп келуінің алдын алу мақсатында олар арнайы емханаларға орналастырылады.

14 күн мерзімде бақылауда болып, бұл аралықта азаматтар туысқандарымен жолығуына тыйым салынады. Атаулы нысандар толықтай карантиндік талаптармен жабдықталған және ауруды диагностикалаудың қажетті ресурстары мен қажетті дәрілер және дезинфекциялық құралдармен, қамтамасыз етілген.

Осыған дейін Ресейдің «Роспотребнадзор» федералды қызметі Өзбекстанға жаңа коронавирустық зертханалық диагностикалық құралдарды жеткізген еді.

Қытайдағы жағдай соңғы мәліметтерге сай коронавирустан адам өлімі 500-ге жуықтады. Ал ауруды жұқтырғандар болса 25 мыңға жақын. Мыңға жақын азамат бұл індеттен сауыққан.