Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан әуежайларындағы негізгі төлемдер мен тарифтер 27 пайызға төмендейді
10:55 / 2021-04-06

15 сәуірден бастап «Uzbekistan Airports» АҚ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету үшін төлемдер мен тарифтерді төмендетуге шешім қабылдады.

Көлік министрлігі хабарлауынша, република әуежайларындағы негізгі төлемдер мен тарифтер орта есеппен 27 пайызға төмендейді және бұл елдегі тұрақты рейстер жасайтын шетелдік авиакомпанияларға қолданылады.

Өзбекстан әуежайларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, туризмді дамыту және тұрғындар үшін арзан әуе тасымалына қолайлық жасау мақсатында төмендетілген тарифтер халықаралық авиациялық анықтамалықтарда жарияланды. Бұл Халықаралық азаматтық авиация ұйымына мүше 190-нан астам елдің барлық авиакомпаниялары мен AIP пайдаланушыларына Өзбекстан әуежайларында қолданылатын тарифтер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, делінген хабарда.